Нұрасыл Қуандық – Азия жүлдегері
Нұрасыл Қуандық – Азия жүлдегері
Осыған байланысты Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев Азия біріншілігіндегі қола жүлдегері Нұрасыл Қуандықты арнайы қарсы алып, аудан жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, сый- құрмет көрсетті. Өз кезегінде Азия чемпионатының жүлдегері Н.Қуандық осынша құрмет үшін жерлестеріне алғыс айтып: «Өздеріңіз тілеулес болып, қолдап, сенім артып жібердіңіздер. Жүлдегерлер қатарынан көрініп қайттық. Алдағы уақытта алтын медаль алу үшін көп еңбектеніп, тер төге беремін» – деді толғанып. Өзі туып өскен ауданның мұндай құрметі Нұрасылға қосымша күш беріп, жеңістерге жігерлендіре түсетіні анық. Ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Нұрасыл жыл соңына дейін де бірнеше халықаралық жарыстарда бақ сынамақ. Өз кезегінде Нұрасылдың алдағы додаларда топ жаратынына сеніміміз мол.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы.