Жаңалықтар

Нұржан Нұржігітов: Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыруға тиіспіз

Нұржан Нұржігітов: Мемлекет басшысының тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыруға тиіспіз

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. width=

Айта кетейік, ҚР Үкіметімен Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Ол жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп көзделуде.  width= Басқосуда аймақ басшысы Жолдаудың әр бағытына жеке-жеке тоқталып, өңірде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді.

Облыс әкімі жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдерінің тиімді игерілуіне аса назар аударды.

Нұржан Нұржігітов Жолдаудағы «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» секілді бағдарларға да арнайы тоқталып, барлық салаларда нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету үшін тиісті тұлғаларға  тапсырмалар берді.  width= Жиында Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу керектігі баса айтылып, облыс әкімінің орынбасарларына өз салалары бойынша бақылау жүктелді. Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Аймақ басшысы әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің дайындықтарына қатысты жан-жақты жауаптар  алып, барлық жұмыстар 1 қазанға дейін толығымен аяқталуы тиіс екендегін ескертті.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі