- Advertisement -

Ескерткіш тақта орнатылды

97

- Advertisement -

Маусым айында Қарой ауылдық округінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының жергілікті тұрғындармен өткен кездесуінде Кемел ауылының тұрғыны, ҰОС ардагерінің немересі Орынбасар Меңдібаев елді мекенде бірқатар қаһарман Отан үшін жанын садақа еткенін, оларға лайықты құрмет көрсетілсе деген тілегін жеткізген болатын.

– Өскелең ұрпақтың санасына елге, жерге деген сүйіспеншілікті ояту, ержүрек аталарымыздың өміржолын дәріптеу аға буынға жүктелген іс. Аядай ауылымыздан қанды майданға аттанған азаматтар жетерлік. Олардың көбісі сол зұлматтан оралмады. Бірқатары балдақпен келді. Бүгінгі кездесуге осы мәселені көтеру үшін жеттім. Ауылымызға ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш тақта орнатып, есімдері тасқа қашалып жазылса, батырлардың алдында жүзіміз жарық болар еді. Осы игілікті істі қолға алсаңыз, – деді ол.

Тұрғынның сауалын қаперге алған өңір басшысы:

– Тарихты білу – парыз. Орынды мәселе көтеріп отырсыз. Назарға алдым. Қаражатын қарастырып, жыл ішінде орналастыратын боламыз, – деген Ерлан Қыдыралыұлы сала басшыларына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тапсырған.

Сөзден – іске келер болсақ, бүгінде кемелдіктердің өтініші орындалды. Ауылдың көрнекі жерінен «Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1,5 миллион теңгеге ескерткіштің құрылысын аяқтады.

 

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support