Әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берді
Әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берді
Жолдауда Президенттің «Жүз мың жас маманды жұмыспен қамтуымыз қажет» дегені өте қуанышқа бөледі. Себебі, әр отбасының бірінші уайымы –жұмыссыздық. Азамат болған баласы жұмыс істеп, жалақы алып жүрсе, ол барлық шаңыраққа – шаттық, береке. Осы тұрғыда Президенттің жаңа Жолдауы жарқын мақсат, игі бастамаларға толы екен. Осындай көңілге қонымды жағы көп Жолдау үшін риза болып, бір марқайып қалдым. Жастардың жұмыспен қамтылуы – үлкен іс. Ол мәселе мәдениет, спорт салаларын да қамтиды. Сондықтан руханият саласының адамы ретінде бұл қадамға ерекше риза болып отырмын. Президент зейнет жасын ыңғайлы жағдайға әкелуді, зейнетақыны бірте-бірте көбейтуді де назардан тыс қалдырмаған екен. Ол жағына да зейнет жастағы кісі ретінде сүйсініп, қуандық. Бір сөзбен айтқанда, бұл Жолдау – әр шаңыраққа серпін, әрбір азаматқа жігер берген жаңа бастамалар жиынтығы дер едім. Жаратушы елімізге амандық, Президентке күш қуат берсін. Жақсы, нұрлы, шуақты күндеріміз көп болғай!
Шырын МАМАСЕРІКОВА,
ақын,
Меркі ауданының
Құрметті азаматы.