- Advertisement -

Кері байланыс

90

- Advertisement -

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді

Бүгінде қарапайым халық арасында билікке базына айтып, көкейіндегі түрлі түйткілді сауалдарын жолдайтындар көп. Алайда олардың дені билік өкілдері тарапынан толыққанды жауап ала алмай жатады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Аталған тұжырымдамаға сәйкес шенеуніктер барлық азаматтардың өтініштеріне жедел әрі тиімді кері байланыс орнатуы керек.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те барлық басқарма басшылары мен аудан әкімдері халыққа ашық болуы керектігін басты міндет етіп қойды.

Құрметті оқырман!

Егер сізді қандай да бір түйткілді мәселе мазаласа, «Aq jol» газетінің «Кері байланыс» айдарына жолдауыңызға болады. Алдағы аптада сіздердің сауалдарыңызға облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев жауап бермек. Кәсіпкерлік саласына қатысты өздеріңізден өткір сауалдар күтеміз! Сауалдарды төменде көрсетілген WhatApp желісі нөмірі мен электронды поштаға жолдауларыңызға болады. Kulibai.marat@mail.ru  87779439107

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support