Талас

69

Қаратау қаласында «Талас жастар орталығы» КММ және Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Үкілі домбыра» атты дәстүрлі ән-күй орындаушылардың байқауы өтті. Байқауға ауданнан 20 үміткер қатысты. Үміткерлер байқау шарты бойынша алғашқы айналымда дәстүрлі ән, келесі айналымда терме, ұлт аспапта жеке орындау бойынша алғашқы айналымда төкпе күй, келесі айналымда шертпе күй орындады. Тартысты өткен байқауда Айсұлтан Көпбосынов бірінші, Мәулен Нұржан екінші, Аружан Қуаныш үшінші орынды иеленді. Ұлттық аспапта орындау бойынша Ержан Сыздықов бірінші, Назерке Әліпбаева және Салтанат Бекмаханбетова екінші, Құндыз Смағұл мен Жандос Имандусан үшінші орынға лайық деп танылды.

Comments are closed.