Күреңбелден табылған көне келі

22

Қазақта «Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген сөз бар. Достың көңілін қалдыратын болса, насыбайдың да мән- маңызы төмен болмағаны да. Демек, осынау затты түйетін келінің де қызметі осал емес деген сөз. Қазақ халқы тұрмыста келінің көптеген түрін қолданған. Әртүрлі жағдайға ыңғайластырылған келілер болған.

Біз бүгін ұзақ жылдан бері облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталып келе жатқан насыбай келі жайлы сөз қозғамақшымыз. Ке л і насыбай үгуге, кептірген темекі жапырақтарын ұнтақтауға арнап ағаштан жасалған шұңғыл ыдыс. 1940 жылмен мерзімделеді.

Бұл келіні жәдігер жинақтау мақсатында 2005 жылы іссапарға шыққан музей қызметкерлері Жуалы ауданы, Күреңбел ауылының тұрғынынан алған. Сыртынан қарағанда ожауға ұқсайды. Жиегінің бір жерінен сынғаны болмаса, ернеуі дөңгелек пішінді. Келінің түбі шұңғыл етіп жасалған, қолға ұстайтын тұтқасы жалпақ. Насыбайды ұнтақтайтын қалақша қасығы бар.

– Біздегі барлық жәдігерлер құнды болып саналады. Бұл жәдігер 83 жыл бұрын табылуымен, ерекше құрылысымен бағалы. Осы келі арқылы басқа да көптеген деректер анықталуы да мүмкін, – дейді музей директорының орынбасары Зарина Дүкенбаева.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.