Жаңалықтар

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қызметінен босатылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қызметінен босатылды

Ол 1976 жылы Алматыда туған. «Тұран университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы болып бастаған. 1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман. 2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі. 2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары. 2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті. 2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті. 2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА» ЖШС бас директоры. 2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы тамыз аралығында — «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ басқарма төрағасы. 2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін — ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен бүгінгі күнге дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.