- Advertisement -

Жарылыстан зардап шеккендерді еске алды

156

- Advertisement -

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақ полигонының жарылыс болуына қарсы және полигон жарылысынан зардап шеккендерді еске алу күні болып бекітілгені мәлім. 40 жыл қазақ даласы ядролық сынақ жарылысынан көз ашпағаны тарихтан белгілі. Жалпы осы жылдар ішінде елімізде 456 ядролық және термоядролық жарылыстар болды.

1953 жылы дүниежүзі бойынша қазақ даласында алғашқы рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сынақтан өтті, бұл біздің халқымыз үшін үлкен қайғы мен қиын күндер еді. Бірте-бірте халықтың назары күшейе түсіп 1989 жылы «Невада – Семей» антиядролық қозғалысы құрылып, ұйым жетекшісі Олжас Сүлейменов болды. Қазақ даласының жанайқайын бүкіл дүниежүзі естіп, өз көздерімен көрген күн де туды.

Семей ядролық полигоны 1949 жылы 29 тамыз айынан бастап жүргізіліп, 1991 жылы 29 тамызда Президенттің арнайы Жарлығымен жабылды. Семей полигонының жабылуы өзге елдерге де үлгі болды. АҚШ- та Невада Полигоны, Қытайда Лобнардо полигоны және Францияда ядролық сынақ полигоны тоқтатылды.

Жуырда облысымыздың «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан ядролық радиациядан зардап шеккендерге арнайы арналған ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысты.

Полигон ядролық сынақтан зардап шеккендерді еске алу рәсімі аяқталғаннан соң, «Жамбыл облысының айрықша тәуекелді бөлімшелер мүгедектері мен ардагерлері және жауынгер интернационалистері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Таранов жасөспірімдерді тәрбиелеу жолында белсенділік танытқаны үшін М.Бердалиевті «Қазақстан патриоты» медалімен және Ж.Қалмұрзаевты «Қызыл жұлдыз» мерейтойлық орденімен салтанатты түрде марапаттады.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support