- Advertisement -

Жамбыл облысының бас ұстазы Бейқұт Жамангөзов Білім күнімен құттықтады

301

- Advertisement -

Құрметті әріптестер, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Бірінші қыркүйек – айрықша мәні бар мереке. Бұл күн жаңа жобалар мен ізденістердің, жаңа идеялардың бастауы. Жаңа оқу маусымы білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктеліп, алға қойылған міндет нақты іске айналатын кезең. Бұл күн жазғы демалыста мектептеріне сағынып жеткен барша оқушылар үшін қуанышты күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары үшін айрықша есте қалатын ұмытылмас сәт.

Қымбатты оқушылар!
Сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалынып жатқан қамқорлық пен зор қолдаулардың арқасында білімдеріңізді толықтырып, жарқын жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін! Алаштың ардақты азаматы Міржақып Дулатовтың: «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», – деген ұлағатты сөзі бар. Сондықтан, Сіздер қай кезеңде болмасын ілім-білім жинауға қашан да асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдеріңізді кәдеге жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар қатарынан болатындарыңызға сенемін!

Қадірлі ұстаздар қауымы!
Өткен оқу жылында қол жеткізген жетістіктеріміз аз болмады. Бұл ретте ел болашағын тәрбиелеп жүрген мәртебелі мамандық иелері Сіздердің тынымсыз әрі жемісті еңбектеріңізді атап өткен жөн.Ізгілік пен ізденісті жоғары қойып, жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға ғұмырын арнаған игі қызметтеріңізге табыс тілеймін!Мәртебелеріңізді асырар шәкірттеріңіз көп болғай!

Мектеп партасына отыратын шәкірттерге үздік оқу, ата-аналарға перзенттерінің білімдегі жетістіктеріне деген мақтаныш, ұстаздар қауымына шығармашылық ізденіс, жаңа бастамалар мен жетістіктер тілеймін!

 

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support