Жаңалықтар

180 орындық мәдениет үйі ашылды

180 орындық мәдениет үйі ашылды

”Қуатты өңірлер –ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында Шу ауданы Қонаев ауылында 180 орындық мәдениет үйінің ғимаратының құрылысы аяқталып ашылуы өтті .  width= Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесіне орай ашылған іс-шараға Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлынбайұлы Үйсімбаев қатысып сөз сөйледі. Сонымен қатар Қонаев ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Алпысбайұлы Қайранов сөз алды.  width= 180 орындық жаңа ауылдық мәдениет үйінің құрылысын жүргізген мердігері, Қонаев ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Айнұр Мұратқызы Далабаеваға салтанатты түрде кілт табыс етті.  width= «Қонаев ауылдық мәдениет үйі» жаңа ғимаратының ашылу салтанатына арналған лентаны қию құрметі облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлынбайұлы Үйсімбаевқа, Қонаев ауылының ақсақалдар алқасының мүшесі Жұмахан Зәукетайұлы Оспановқа берілді.

Жамбыл облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі