Әлеумет

«Қазмұнайгаз» басшысы мен Энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды

«Қазмұнайгаз» басшысы мен Энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды

«Қазмұнайгаз» басшысы мен Энергетика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланды. 

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Олар жанар-жағармайдың жетіспеушілігіне байланысты сөгіс алды. «ҚазМұнайГаз», Petrosun компаниялары, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары тарапынан өндіру, маркетинг және логистикада жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықталған. Одан бөлек, Энергетика министрлігі мен «Қазмұнайгаздың» бірқатар жауапты қызметкерлері жұмыстан босатылды.