- Advertisement -

Ауыр жүк көліктері ауыл жолын тоздыруда

67

- Advertisement -

Бүгінгі таңда тозығы жеткен жолдарды жөндеуге бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып, тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Былтырғы жылдың өзінде облыстық маңызы бар «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент», «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел», «Саудакент-Тоғызкент» және «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Десе де, мұндай жүйелі жұмыстар да өткір мәселеге айналған жол проблемасының түбегейлі шешімі емес.

Жалпы, облыстық маңызға ие жолдардың басым көпшілігі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары ел игіліне берілген. Атап өтерлігі, бұл жолдарда 8 тоннаға дейін ғана осьтік жүктемеге рұқсат етілді. Әйтсе де, бүгінде бұл талапқа бағынғысы келмейтіндер жетіп артылады. Мәселен, бір ғана кіші Қамқалыдан тұз тиеген 60-100 тонналы ауыр жүк көліктері Жаңатас арқылы Түркістан облысына, Ақкөл арқылы Тараз және Шу қалаларына одан әрі қарай Қырғызстан Республикасына қатынауда. Бұл сөзсіз ескі жолдармен қоса жөндеуден өткен жаңа жолдардың тез тозуына «көмек беруде». Анығында, мұндай жүктемелерге жөндеуден өткен жолдың өзі төтеп бермейді. Осылайша, жөнделген жолдар қайта қирап, авариялық жағдай туып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support