Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бір компанияға біріктірілді - ИИДМ

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бір компанияға біріктірілді - ИИДМ

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) хабарлады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Жобада "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы "Казахавтодор" ЖШС-дағы мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылған.

Еске салайық, биыл шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған болатын.