Жаңалықтар

Қызылордада 2 жасар сәбиді құтқарған Арман Аманжоловқа пәтер сыйлады

Қызылордада 2 жасар сәбиді құтқарған Арман Аманжоловқа пәтер сыйлады

Нұрлыбек Нәлібаев 2 жасар сәбиді құтқарған Арман Аманжоловқа пәтер кілтін табыстады.

Бозбаланың батырлығына тек жерлестері ғана емес, тұтас ел болып қуанып, ерлігіне тәнті болды. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев педагогтардың тамыз кеңесінде мұқалмас ерік-жігерімен, табанды тәуекелге барған аралдық Арманға демеушілер көмегімен пәтер кілтін табыс етті.

Арман Аманжолов Арал ауданы, Бөген ауылында 2007 жылы дүниеге келген. 5 ағайынды, 2 тәтесі, 2 ағасы бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада жасөспірім кәріз құдығына құлап кеткен сәбиді алып шыққаны туралы жазған болатынбыз. Айта кетейік, өңірде «Балалар жылы» қалада 1 млрд теңгеге 50-ге тарта спорт алаңдары, аудандарда 600 млн теңгеге 30-дан астам спорт-ойын алаңдары салынады. Бұл жұмыстар демеушілер есебінен іске асырылуда.