Жамбылда не жаңалық?

Мағжанның тартуы

Мағжанның тартуы

Меркі аудандық орталық ауруханасы ойда жоқта ауқымды сыйға ие болды. Оны аты аңызға айналған Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің немересі Мағжан тарту етті. Мұрат Әуезовтің Меркіде туылғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Міне, осы Мүкеңнің ұлы Мағжан өзі басқарып отырған Алматыдағы «Құс жолы» қайырымдылық қоры мен «Қазкоммерцбанктің» қолдауымен және «Періште» жобасы бойынша дүниеге жаңа келген нәрестеге ота жасайтын құны 25 миллион теңге болатын қондырғыны ауруханаға тарту етті. Ота жасау бөлімінің меңгерушісі Ұлан Көктеубаев осында 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Енді оташылардың жұмысы бұрынғыдан да жеңілдемек. Орталық ауруханаға кейінгі кезде құны 65 миллион теңге болатын екі жаңа реономобиль мен «Ивека» маркалы екі жедел жәрдем машинасы сатып әкелінді. Сонымен қатар, жылжымалы манограф та алдық. Ол да қымбат тұрады. 67 миллион теңге. Ал Әуезовтердің тартуы біз үшін керемет сый болды.

7 11

Мұхит Серімов, аудандық аурухананың бас дәрігері.