- Advertisement -

Бүгін тараздық білім қызметкерлері тамыз конференциясында бас қосты.

25

- Advertisement -

Бүгін тараздық білім  қызметкерлері тамыз конференциясында бас қосты. Мақсат – педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды талқылау, сондай-ақ, жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттерін айқындау.

Конференция барысында бәсекеге қабілетті шәкірттерді оқыту, қазіргі қоғамда педагог мәртебесін арттыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау мәселелері қозғалды.

Жиынға Тараз қаласы әкімінің м.а. Қ.Исмаил қатысты. Білім қызметкерлері қазіргі заманның жаңаша талаптарына әрқашан сай болуы керектігін айтқан Қ.Әбілханұлы білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын жеткізді.

Конференция соңында білім саласында нәтижеге жеткен бірқатар тәжірибелі ұстаздар марапатталды.Айта кетейік, интеллектуалдық сайыстардың қорытындысы бойынша облыстағы үздік  10 мектептің қатарына қаланың 5 мектебі енді. Сондай-ақ, №24 гимназия «Үздік қала мектебі » номинациясына ие болса, ҰБТ қорытындысы бойынша Республика көлемінде «Үздік 100 мектеп» қатарына №45 гимназия  енді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support