Жаңалықтар

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды

Мақсат Саматұлы Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Мақсат Саматұлы еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары "Астана қалалық коммуналдық шаруашылық", Астана энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда, оның ішінде 2019 жылдан 2022 жылға дейін – Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен. Соңғы 8 айда Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.