Саясат

Ерен еңбектің ерекше сыйлығы

The final spritzer

Ерен еңбектің ерекше сыйлығы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында «Ислам қаржылары бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Форум аясында оған қатысушылар Отанымыздың исламдық қаржыландыруды дамыту ісіндегі, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы ерекше рөлін айрықша атап өтті. Бұл арқылы ел Президентінің еңбегі әлемдік қауымдастықта жоғары ауқымда бағаланатыны тағы да тиянақтала түсті. Аталған марапат өз кезегінде облысымыздың тұрғындары арасында да үлкен серпіліс туғызуда. Бұған редакциямызға келіп жатқан үнқосулар мен жүрек жарды лебіздер дәлел.