Жаңалықтар

Қос үйдің шатыры жөнделуде

Қос үйдің шатыры жөнделуде

ТАЛАС АУДАНЫҚаратау қаласында демеуші кәсіпорын есебінен ұзақ уақыт жөндеу көрмеген Бауыржан Момышұлы көшесі бойындағы №12 және №14 көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын жабу жұмыстары басталды.

«Talas Investment Company» ЖШС тарапынан жөнделетін әр үйдің құрылыс жұмыстарына 13 миллион теңге қаражат жұмсалмақ. Аталған қос үйдегі 108 пәтердің бос тұрған 12-сі коммуналдық меншікте болып табылады. Алдағы уақытта оларды қалпына келтіріп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беру жоспарланып отыр.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП