- Advertisement -

БАЙҚАУ!

415

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Жазушылар Одағы, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен «Aulieata-Media» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Тараз қаласында «Ақиқаттың ақ туы» атты республикалық қаламгерлер байқауы өткізіледі.

Байқаудың талап-шарттары:

– Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен қаламгерлер қатыса алады; қатысушы қаламгерлердің жасына шектеу қойылмайды.

– Әрбір үміткер байқауға проза немесе эссе жанры бойынша шығарма ұсынуы тиіс. Біріншісі – прозалық шығарма (Әңгіме). Көлемі 15 беттен аспауы керек. Әңгіме тақырыбына тәуелсіз еліміздегі қарапайым еңбек адамдарының, жастардың тағдыры, өмірлік ұстанымдары, Қазақстан халқының достығы мен бірлігі, олардың елге, жерге, Отанға, Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдері арқау болуы тиіс. Екіншісі – Шерхан Мұртазаның тұлғалық келбетіне қатысты шығармашылығы туралы әдеби мақалалар мен эсселер болуы шарт. Шығарма көлемі 5 беттен аспауы тиіс.

– Байқауға тақырыпқа сай, бұрын еш жерде жарияланбаған және түрлі байқаулардан жүлде алмаған шығармалар ғана қабылданады;

– Ұсынылған шығармалардың көркемдік қуатына, тіл тазалығына, автордың ойлау жүйесі мен ой айту мәдениетіне баса назар аударылады;

– Авторлардың жолдаған шығармалары кері қайтарылмайды және рецензияланбайды;

– Байқауға жолданған шығармалар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервал аралығында компьютерде терілуі тиіс.

– Шығармалар қолжазба күйінде қабылданбайды;

– Жүлде алған шығармалар ұжымдық жинақ болып басылып шығады.

– Байқауға әдебиет саласында танымал қаламгерлер қазылық жасайды. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және қайта қарауға жатпайды. Сондай-ақ, қазылар алқасы бас жүлдені екіге бөліп беруге де құқылы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шерхан Мұртаза атындағы «Ақиқаттың ақ туы» атты дипломмен және қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жол шығыны – байқауға қатысушы тараптан болады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2022 жылы 28 қыркүйек күні Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Тараз қаласында өтетін салтанатты жиын кезінде марапатталады.

Қатысу үшін өтінім беру тәртібі:

Мүшәйраға қатысушылар 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін шығармаларын талапқа сай akjolgazet@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек.

 

  

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support