- Advertisement -

БАЙҚАУ. Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін республикалық журналистер конкурсы туралы:

424

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімдігі облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай журналистер арасында «Қазақ баспасөзінің тарихы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында конкурс жариялайды! Аталған конкурсқа Қазақстан Республикасында тұратын 18-40 жас аралығындағы журналистер қатыса алады. Бәйгенің шарттары туралы төмендегі Ережеден толық білуге болады.

Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін өтетін республикалық журналистер конкурсына қатысу

ЕРЕЖЕСІ

  1. «Қазақ баспасөзінің тарихы: бүгіні мен ертеңі» конкурсының негізгі мақсаты – елімізде тұратын журналистерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын кең көлемде насихаттау әрі «Aq jol» газетінің тарихын таныту.
  2. Конкурсқа 18 бен 40 жас аралығындағы журналистер қатыса алады.
  3. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап қабылданады.
  4. Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды Жамбыл облысы әкімдігінің жанынан құрылған арнайы комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды.

Конкурсқа қатысу шарты

1.Конкурсқа қатысушы әрбір үміткердің жұмысы Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінде жариялануы тиіс. Хабарландыруда көрсетілген тақырыпқа сәйкес келетін тақырып аясында жазылған және «Aq jol» газетіне 100 жыл» деген айдар қойылған материалдар ғана қабылданады. «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін конкурсқа қатысушылар қазақ баспасөзінің тарихы, бүгіні мен ертеңі, оның ішінде биыл жарық көргеніне бір ғасыр толып отырған «Aq jol» газетінің тарихы туралы да бір материал жазуы керек.

  1. Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервал аралығында компьютерде терілген болуы тиіс. Ұсынылған материалдың көлемі 5 беттен аспауы керек.
  2. Конкурсқа жіберілген материалдар бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған болуы керек. Бұл орайда барлық жауапкершілік материалды жіберуші авторға жүктеледі.
  3. Конкурсқа арналған материалдар akjolgazet@gmail.com электронды поштасына «Aq jol» газетіне 100 жыл» деген айдар қойылып жіберілуі керек.

Конкурс қорытындысы

1.Материалдар конкурс жарияланған күннен бастап, 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкурстық комиссия келіп түскен жұмыстарды саралап, бір апта ішінде конкурс қорытындысын шығаруға міндетті.

2.Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, конкурстан үздік шыққан бес журналист Жамбыл облысы әкімінің «Aq jol» газетіне 100 жыл» белгісі қойылған Сыдық Абланов, Ғайса Сармурзин, Жайық Бектұров, Кемел Тоқаев, Арғынбай Бекбосын атындағы арнайы қаржылай стипендиясына ие болады.

3.Конкурстан үздік шыққан бес журналист 2022 жылғы 29 қыркүйек күні «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай Тараз қаласында өтетін салтанатты жиын кезінде марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support