Жаңалықтар

«Қай спорт түрі дамыса да, өзімізге келетін абырой»

«Қай спорт түрі дамыса да, өзімізге келетін абырой»

Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: Нұрбол Жүнісбековпен сұхбат – Нұрбол Әбдімажитұлы, спорт күні құттыболсын! Спорт – бәрімізге ортақ абырой. Дегенмен,спорттыңқай түрі облыста кенжелеп тұр. Қайспорт түріне көңіл бөлінбей келеді?

– Орынды сыннан бас тартпаймыз. Себебі, өзіміздің тарапымыздан қажетті жұмыстарды атқарып келеміз. Дамытуды қажет ететін спорт түрлерінің қатарында көркем гимнастика, акробатика, оқ ату, бессайыс, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол, гандбол, теннис, үстел теннисі сияқты спорт түрлері бар. Шыны керек, олар әлі кенжелеп тұр. Оған себеп, білікті мамандардың тапшы болуы. Осы спорт түрлерінен білікті мамандарды іздеп табу оңайға соқпай отыр. Қазіргі таңда дамыту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Арнайы гимнастика және үстел теннисінің спорт кешені салынды. Кенже дамыған спорт түрлерінен қазіргі таңда талантты жас спортшылар бар. Бүгінгі талантты спортшылар, ертеңгі білікті жаттықтырушы болып қалыптасатыны сөзсіз. Ол бір жылдың жұмысы емес. Болашақта аталған спорт түрлерінен де нәтиже болатынына сенемін.  – Сізді күрес түрлеріне көп көңіл бөледі деп естиміз. Басқа қандай спорт түріне көңіл бөлесіз?  – Барлық спорт түріне бірдей көңіл бөліп келемін. Біреуін артық, екіншісін кем көрсем, ол әділдік болмас еді. Әрине, күрес түрлерінен нәтиже жақсы. Ол білікті бапкерлер мен балуандардың еңбегі, ізденісі. Менің кезінде күрес залынан шыққаным рас. Солай екен деп бүгінгі балуандарға күмәнмен қарауға болмайды. Қай спорт түрі дамыса да ол өзімізге келетін абырой. Оны жақсы түсінемін. Шын мықты спортшыға еш жерде тұсау жоқ деп ойлаймын. Үздік бапкерлер де қашанда нәтиже беретіні анық. Сондықтан тек күрес түрлеріне ғана көңіл бөлейін деген ой менде жоқ.  – Бұқаралық спорттың жай-күйі қалай?  – Бұқаралық спортты дамытудың басты тетігі – бұқаралық спорттың тынысын ашып, бұқаралық сипаттағы жарыстар өткізумен өлшенеді. Қазіргі таңда, облыстағы барлық аудан мен Тараз қаласы әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімдері жанынан бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталықтары ашылды. Бұл өз кезегінде облыста бұқаралық спорттың дамуына ықпалын тигізіп отыр. Сонымен қатар бұқаралық спорт жұмыстарына тың серпін беру мақсатында қолға алынған облыс тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту үшін облыста өткен жылы қосымша 96 спорт бойынша нұсқаушы штаттық бірліктері енгізіліп, спорт бойынша нұсқаушылар қатары 233-ке жетті. Оның ішінде 202 спорт бойынша нұсқаушылар аудандарда жұмыс атқарады. Нәтижесінде, жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар қатары өсіп, шалғай елді мекендерде ұйымдастырылған спорттық іс-шаралардың саны ұлғайып, сапасы артты және қатысушылары көбейді. Бұл өз кезегінде облыста бұқаралық спорттың дамуына ықпалын тигізіп отыр. 2022 жылдың І-жартыжылдығында облыс бойынша 1607 іс-шара ұйымдастырылып, 164,7 мың адам қамтылды. Атап айтқанда, әйелдер арасында облыстық спартакиада,«Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен жастар арасында облыстық фестивалі, Жамбыл облысының ардагерлері арасындағы облыстық спартакиада, Жамбыл облысының студенттері арасындағы «Jastar Fest–2022» облыстық спартакиадасы, «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» ойындары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада, футбол фестивалі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалы қызметкерлерінің арасында оңтүстік аймақтық іріктеу спартакиадасы, мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада, атты «Jambyl марафон» жеңіл атлетикалық жүгірісі, спорттық фестивалі және тағы да басқа спорттық іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Аула ойындары – 2022» және «Көше ойындары – 2022» спорттық фестивальдары кезең-кезеңімен ұйымдастырылды. – Өңірде қанша зал, қанша стадион бар? Бұқара халық еркін түрде спортпен айналыса ала ма? – Қазіргі таңда аудандар мен Тараз қаласындағы спорт нысандарының саны 2836 нысанды құрады. Атап айтсақ, 1 спорт сарайы, 17 стадион, 43 спорт кешені, 721 спорт залы, 431 футбол алаңы, 1585 спорт алаңшасы және 38 басқа да нысандар бар. Оның ішінде 2 834 спорт нысандары тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр. Оның 646-сы Тараз қаласында, 2188-і аудандарда орналасқан. Бүгінгі таңда облыста 67 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Оның ішінде 51 спорт мекемесі облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарайды. – Футбол – әлемдегі ең қызықты спорт түрі. «Тараз» футбол клубы биыл тәуір ойнауда. Клубтың бүгінгі жағдайына тоқтала кетсеңіз... – Биылғы ойын мезгілінде өздеріңіз білетіндей, клуб басшылығы және жаттықтырушылар құрамы өзіміздің жергілікті мамандар. Өнер көрсетіп жатқан ойыншылардың 85-90 пайызы жамбылдықтар. Тағы бір айта кетерлігі, футбол жанкүйерлерімен де жұмыстар жүргізілуде. Тараз футбол клубының ойынына 9 мыңға жуық жанкүйер жиналуда. Бұл – сөз 19, ұлттық спорт түрлері – 10, паралимпиадалық спорт түрлері – 8, сурдлимпиадалық спорт түрлері – 7, паралимпиалық емес спорт түрлері – 3. Облыс споршылары өткен жылы түрлі республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерде 1914 медальға ие болса, биылғы жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлығы 608 медаль алды. Биыл жамбылдық 1 спортшы Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген спорт шебері,8 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 47 спортшы еліміздің спорт шебері нормативін орындады. Ал 2 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды. Сондай-ақ 584 спортшыға «Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне кандидат» спорттық атақтары берілді. Сонымен қатар, 629 спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр. Оның ішінде, 265 спортшы Ұлттық құрама, 239 спортшы жастар құрамасы және 125 спортшы жасөспірімдер құрамасы сапында ел абыройын халықаралық спорт бәсекелерінде асқақтатып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 405,6 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 35,4 пайызға жетсе, биылғы жылдың І-жартыжылдығы бойынша 424,9 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 36,9 пайызға жетті. 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.  – Басқарма басшысы бос уақытын қалай өткізеді? – Бос уақытымды мүмкіндігінше тиімді пайдалануға тырысамын. Кітап оқығанды ұнатамын. Әлішер Науаидің жақсы сөзі бар ғой «Кітап ақылына ақы сұрамайтын – алтын қазына» деген. Сол нақыл сөзді үнемі жадымда ұстаймын. Бүгінгі сұхбатты пайдалана отырып, спорт саласында тер төгіп жүрген барша қызметкерлерді, бапкерлер мен спортшыларды төл мерекелерімен құттықтап, мол табыс, абырой тілеймін!  – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ