- Advertisement -

Қауіпті індеттен қалай құтыламыз?

52

- Advertisement -

COVID-19 коронавирустық жұқпасы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру екенін бәріміз білеміз.
Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі.

Жаңа коронавирус ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни, келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды. Бұл дерт адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін. БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың
жолын ізде» деген сөз бар. Осы орайда қауіпті індеттің алдын алуға бағытталған кеңестермен бөлісуді жөн көріп отырмын.
Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу (микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі) керек.

Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын- аузыңызды қағаз майлықпен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз.
Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады.
Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз.

Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз.
Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн. Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз. Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн.

Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз. Бөлмені жиі желдетіңіз. Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз. Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз.
Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз. Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Медициналық маскаларды қолданған кезде де өзіндік ережелерін ұстанған жөн. Масканы екі сағаттан артық қолданбаңыз. Маска дымқыл болған жағдайда, дереу ауыстырыңыз, тіпті қолданғаннан екі сағаттан аз уақыт өтсе де. Қолданылғаннан кейін немесе масканы қолданудың алдында қолды сабынмен жуып немесе алкогольді өнімді қолданыңыз. Бір реттік маскаларды қайта пайдалануға болмайды.
Ал мына жағдайларға ерекше мән берген жөн болар еді. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз. Егер сізде қызба, жөтел және ентігу болса, дәрігерге хабарласыңыз.

 

Гулам Умаров, Жамбыл облыстық қан орталығының директоры.  

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support