Түлеген Түркістанды аралады

28

ШУ АУДАНЫ

Жуырда ауданның Балуан Шолақ, Бәйдібек және Бөлтірік ауылдарының бір топ қариялары түрленген Түркістан қаласына барып қайтты. Бұл сапарға ауданның белгілі меценаты, мәслихат депутаты Сағадат Мадалиев демеушілік жасап, жол шығынын көтерді.

Өткен аптаның соңында ұйымдастырылған саяхатты Дулат ауылдық округінің әкімі Найман Сұлтанбаев бастап барды. Сапардың бірінші күні шулық зейнеткерлердің шағын тобы Түркістан облысының Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесіне зиярат жасады. Олар кесененің тарихымен танысып, баба рухына Құран бағыштады. Келесі күні түркі әлеміне ортақ рухани тұлға саналатын Қожа Ахмет Ясауи дамыл тапқан кесенені аралап, деректермен танысқан ардагерлер одан кейін «Керуен сарай» кешенін тамашалап, облыс орталығына айналғалы адам танымастай өзгерген қаланың көрікті жерлерінде болды.

Екі күнге созылған сапарда Түркістанды армансыз «шарлаған» шулық ардагерлер ерекше сезіммен оралды.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.