Жаңалықтар

ЛИЗИНГКЕ – 54 жаңа техника

ЛИЗИНГКЕ – 54 жаңа техника

ЖУАЛЫ АУДАНЫАуданда ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге көңіл бөлініп, шаруалар мен кәсіпкерлерге кәсібін дөңгелетуге қолайлы жағдайлар жасалуда. Саланы тиімді дамыту үшін бірінші кезекте техника мәселесі дұрыс шешілуі маңызды.

Жалпы ауданда 1596 ауыл шаруашылығы техникасы бар. Биыл лизинг арқылы қосымша 160 техника алу жоспарланған болатын. Жоспарға сәйкес жыл басынан бері лизинг арқылы 54 жаңа техника алынып, белгіленген жоспардың орындалу көрсеткіші бойынша 31 пайызды ғана құрап отыр.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.