Жаңалықтар

Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда жарыстың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.

Бірінші партияда Л.Киченок пен Е.Остапенко басым түсті – 6:3. Екінші сетте дәл осындай есеппен Беатрис пен Анна есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Л.Киченок пен Е.Остапенко жеңісті жұлып алды – 10:8. Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Хаддад Майя 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 эйспен, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Кейін Л.Киченок пен Е.Остапенко ресейлік Вероника Кудерметова – бельгиялық Элизе Мертенсті 4:6, 7:6 (7:5), 10:5 есебімен ұтып, финалға да шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.