Жаңалықтар

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөзі туралы айтты

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөзі туралы айтты

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөздері туралы айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті. “Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді", - деп жазды ол. Сондай-ақ, Руслан Желдібай Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келіскенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығына шынайы ризашылығын білдірген. Еске салайық, 19 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге барған болатын.