Жаңалықтар

Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек

Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылды. Шаңырағын Қарағанды облысының Жаңарқа ауда-нында көтерген аудан отызыншы жыл-дардағы ашаршылықта шұбырындыға ұшырап, Қаратау қаласының теріскейіндегі Саудакент ауылына қоныстанды. 80 жылдан аса тарихы бар облыстың бір бөлшегі – Cарысу ауданы өрлеу жолымен келеді. Еңбектің ерен үлгісін көрсеткен 20-дан астам азамат Социалистік Еңбек Ері атанды. Екі азамат Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Талай сарысулық Отанның жоғары марапаттарын иеленді. Тағылымы мол, тарихы тереңге тамыр тартқан, рухы биік, өскелең өмір туын үнемі жоғары ұстайтын аудан өзінің атағы қазақ елінен асып, алыс-жақын шетелге мәлім тұлғаларымен де мақтана алады. Олардың арасында өнердің жарық жұлдыздары, атақты ақындар мен жазушылар, айтулы ғалымдар бар. 43 мыңға жуық халық тұратын аудан әкімшілік жағынан бір қалалық, 9 ауылдық округке бөлінген. 26 елді мекен бар. Жер көлемі 313 мың шаршы шақырым аумақты құрайды. Тәуелсіздіктің нұрлы таңы атқалы экономикасы көтеріліп, дәулеті тасып жатқан кие қонып, бақ дарыған өңірдің жарқын болашағы әлі алда...