- Advertisement -

Майтөбеден табылған тас

197

- Advertisement -

Бұл жәдігер «Ұмай ана» деп аталады. Ұмай ана – ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түркітілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке-молшылық тәңірісі саналатыны белгілі. Ұмай ананы отбасы және бала-шағаның қорғаушысы, жебеушісі ретінде де құрметтеген. Тас мүсін VІ-VIІ ғасырға тән. Яғни алтыншы ғасырдан бері сақталған жәдігер. 1500 жылға куә болған тас мүсінді болашақ ұрпақтардың да қызыға көретіні анық.

Бұл тас Талас ауданы, Майтөбе ауылы, Билікөл көліне жақын жерден табылған. Беті жақсы сақталған. Көзқиығы бадам дәні тәрізді жақын орналасқан. Қыр мұрынды. Билікөлдік тас мүсіннің ерекше атрибуты – тақтатастың бетіне түсірілген үшбұрышты сызықтар түрінде келген бас киімі. Бұл үш мүйізді бас киім болып табылады. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Жұлдыз Алманқұлованың айтуынша, бұл жәдігерді тамашалайтындар аз емес екен.

 

Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support