Жаңалықтар

Төрт газ баллоны шығарылды

Төрт газ баллоны шығарылды

15 тамыз күні сағат 17.58-де «101»телефонына Сарысу ауданы, Саудакентауылының Сұлтанғазин көшесіндегі тұрғынүйлердің бірінің шатырынан шыққан өрттуралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақыруорнына Саудакент ауылындағы №11 өртсөндіру бекетінің және Жаңатас қаласының№16 өрт сөндіру бөлімінің күштері менқұралдары жіберілді.

Оқиға орнына келген өрт сөндіруші-құтқарушылар жағдайды сауатты бағалап, жедел сөндіруге кірісті. Олар өрт болған жерден қауіп төндірген 4 газ баллонын шығарды. Қызметкерлердің ортақ күшімен жалын сағат 19.00-де ауыздықталып, сағат 20.15-те толық жойылды. Өрт аумағы 150 шаршыметрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен залалы анықталуда. Осы және өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті балалар мен қарттарды үйде қараусыз қалдырмай, төтенше жағдайларға жол бермеу қажеттігін және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн екендігін қатаң ескертеді. Сондай-ақ жазғы уақытта бақшаны тазалау кезінде қоқысты жағу барысында өрт жақын орналасқан тұрғын үйлер мен жапсарлас құрылыстарға таралмауын қатаң қадағалау қажет. Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда шұғыл түрде «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалуды естен шығармауды сұрайды.  

 Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.