- Advertisement -

Қалтарыстағы қазақ тілі

151

- Advertisement -

Кез келген қаланың бет-бейнесін дәмхана, мейрамхана, шағын мекемелердің атаулары ашады. Қызылды-жасылды жарнамалардың, баннерлердің де бұл тұрғыдан салмақ бәсі басым. Көп жағдайда қожайын-кәсіп иелері мұны құнттамай жатады. ҚР Тілдер туралы Заңының 21-бабында жарнама алдымен қазақ тілінде жазылады деп тайға таңба басылғандай көрсетілген. Бірақ көшеде ілінген жарнамалар қазақ тілінде жазылмайды.

Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен қалыптасқан жағдайда ғана өзінің негізгі мақсатын атқара алады. Мемлекеттік тілді менсінбей тұрған мұндай атаулар қашанғы «жараның бетін тырнай береді?». Бұл қазақтың қаласы ма? Қай елде жүрміз өзі? Төмендегі суреттер редакциямыздан 500 метр жерге дейін ғана жүргізілген репортаж болатын. Тура орталықта орналасқан қаланың осы бір сәнді ғимараты көзімізге күнде түседі. «Цена для жизни» дегенді «Өмір үшін бағалар» деп тікелей аудара салған. Оның сыртында қаншама дәмханалар мен дүңгіршектердің маңдайшасына қарауға қорқасың.

Ал қала ішіндегі шағын аудандардың жайы тіпті бөлек. Оларға қарап қазақ тілінің жайы ешкімді толғандырмайтынын, ойландырмайтынын анық түсінесің. Бұл кәсіп иелеріне ғана емес, сол кәсіпкерлікті бастарда Тіл туралы Заңға бағынып барып бастауға рұқсат беретін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, тілдерді дамыту басқармасының атына сын.

Маңдайшаларын қазақшалауды құнттамағандардың осылай жасауына жол берген арнаулы мамандардың да өз жұмысына салғырттығы бұл. Екіжақты енжарлықтан туған қателіктің қашан жөнделерін кім білсін. Дамыған елдерде «Сауданың тілі ғана сол елдің тілі бола алады?» деген пікір қалыптасқан. Бұл әлемдік тәжірибеде қалыптасқан. Ал біздегі сауданың тілі қай тіл?

 

Гүлжан РАХМАН

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support