- Advertisement -

Субсидия алған шаруалар көп

53

- Advertisement -

Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне аудан ахуалын баяндаған Бақыт Алпысбайұлы әсіресе ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласына ерекше көңіл аударды. Айталық, ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 59 790 гектар болса, оның 29 549 гектары суармалы екен. Көктемде 5 445 гектар жер жыртылып, 30 530 гектар жерге дақыл себілген. 5 704 гектарға көкөніс өнімдері, 1400 гектарға масақты дәнді дақылдар, 1 000 гектарға қант қызылшасы, 1 800 гектарға бақша өнімдері, 700 гектарға картоп, 2000 гектардан астам жерге жүгері тұқымы тасталды.

Сондай-ақ биылдыққа ауданда 9,9 мың тонна ет, 16,8 мың тонна сүт өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 107,7 пайызға, қой 112 пайызға, жылқы 115 пайызға, түйе 105,6 пайызға өскен.

– Көктемгі дала жұмыстары кезінде жалпы 3 шаруа қожалық мемлекеттік бағдарламамен 29 миллион теңгеге несиелендірілді. Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы 6 шаруашылық 99,8 миллион теңгеге 7 трактор және «Тараз ӘКК» арқылы 1 шаруашылық 25,2 миллион теңгеге 2 трактор және 43 миллион теңгеге 1 комбайн алды. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда. Биыл аудан бойынша 616 шаруашылық жалпы 1 миллиард 24 миллион теңге субсидия алды. Мал шаруашылығы саласында субсидиямен 454 шаруашылық қамтылып, 672,4 миллион теңге алды. Инвестиция бойынша субсидиямен 39 шаруашылық қамтылып, олар 165,4 миллион теңге алса, егін шаруашылығы субсидиясымен 14 шаруашылық 49,7 миллион теңге иеленген. Қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін 1 шаруашылық 44,4 миллион теңгемен субсидияланса, кредит және лизинг пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 108 шаруашылық 92,2 миллион теңгеге көмек алды, – деді Бақыт Қазанбасов.

 

«Aq jol»-Aqparat».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support