Субсидия алған шаруалар көп
Субсидия алған шаруалар көп
Сондай-ақ биылдыққа ауданда 9,9 мың тонна ет, 16,8 мың тонна сүт өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 107,7 пайызға, қой 112 пайызға, жылқы 115 пайызға, түйе 105,6 пайызға өскен. – Көктемгі дала жұмыстары кезінде жалпы 3 шаруа қожалық мемлекеттік бағдарламамен 29 миллион теңгеге несиелендірілді. Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы 6 шаруашылық 99,8 миллион теңгеге 7 трактор және «Тараз ӘКК» арқылы 1 шаруашылық 25,2 миллион теңгеге 2 трактор және 43 миллион теңгеге 1 комбайн алды. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда. Биыл аудан бойынша 616 шаруашылық жалпы 1 миллиард 24 миллион теңге субсидия алды. Мал шаруашылығы саласында субсидиямен 454 шаруашылық қамтылып, 672,4 миллион теңге алды. Инвестиция бойынша субсидиямен 39 шаруашылық қамтылып, олар 165,4 миллион теңге алса, егін шаруашылығы субсидиясымен 14 шаруашылық 49,7 миллион теңге иеленген. Қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін 1 шаруашылық 44,4 миллион теңгемен субсидияланса, кредит және лизинг пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 108 шаруашылық 92,2 миллион теңгеге көмек алды, – деді Бақыт Қазанбасов.
«Aq jol»-Aqparat».