7 ай ішінде 2 940 қылмыс тіркелген
7 ай ішінде 2 940 қылмыс тіркелген
– Жедел-криминалистикалық қызметтің негізгі міндеті – оқиға орнында айғақ заттарды анықтау, алу және қылмысты жедел түрде криминалистикалық есептермен ашу болып табылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде оқиға болған жерден тәркіленген қол іздері арқылы 61 күдікті ұсталып, 61 қылмыс деректері бойынша олар кінәсін мойындаған. Мәселен, биыл орын алған бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктілерді жедел түрде анықтауда басқарма қызметкерлерінің жұмысы айтарлықтай өз септігін тигізді, – деді Берік Жақсылықұлы. Брифинг барысында жедел-криминалистикалық қызметіне заман талабына сай жаңа өзгерістер де енгізіліп жатқандығы да тілге тиек етілді. Атап айтқанда, 15 тамыздан бастап облыс аумағында көп функциялы жедел түрде ақпараттар алуға ыңғайлы «IDEMIA» орталықтандырылған бағдарламасы орнатылған. Бағдарлама арқылы азаматтардың саусақ іздерін электронды форматта алып, оның сапасына қарамастан өте аз уақытта іздеуге әрі оңды нәтиже шығаруға мүмкіндік туып отыр екен.
«Aq jol»-Aqparat».