- Advertisement -

7 ай ішінде 2 940 қылмыс тіркелген

48

- Advertisement -

Жыл басынан бергі 7 айда Жамбыл облысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 2 940 қылмыс тіркеліп, соның 1 793-і яғни, 61 пайызында криминалистер оқиға орнын қарауға қатынасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Берік Сәлемов айтты. Оның сөзінше, 1075 қылмысқа қатысты іздер мен айғақ заттар алынған.

– Жедел-криминалистикалық қызметтің негізгі міндеті – оқиға орнында айғақ заттарды анықтау, алу және қылмысты жедел түрде криминалистикалық есептермен ашу болып табылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде оқиға болған жерден тәркіленген қол іздері арқылы 61 күдікті ұсталып, 61 қылмыс деректері бойынша олар кінәсін мойындаған. Мәселен, биыл орын алған бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктілерді жедел түрде анықтауда басқарма қызметкерлерінің жұмысы айтарлықтай өз септігін тигізді, – деді Берік Жақсылықұлы.

Брифинг барысында жедел-криминалистикалық қызметіне заман талабына сай жаңа өзгерістер де енгізіліп жатқандығы да тілге тиек етілді. Атап айтқанда, 15 тамыздан бастап облыс аумағында көп функциялы жедел түрде ақпараттар алуға ыңғайлы «IDEMIA» орталықтандырылған бағдарламасы орнатылған. Бағдарлама арқылы азаматтардың саусақ іздерін электронды форматта алып, оның сапасына қарамастан өте аз уақытта іздеуге әрі оңды нәтиже шығаруға мүмкіндік туып отыр екен.

 

«Aq jol»-Aqparat».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support