- Advertisement -

148 баланың керегі түгенделді

60

- Advertisement -

Елімізде 10 жылдан астам уақыттан бері тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көмекке мұқтаж отбасының балаларына қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Жылына бір рет 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін акция биыл да өз жалғасын тапты.

Балалар жылын іске асыру шеңберінде «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» ұранымен өткен игі іс барысында қала мектептерінен бірреттік материалдық және қаржылай көмек алмаған 896 оқушының тізімі 189 мекеме мен кәсіпорындар басшыларына және өзге де демеушілерге таратылып берілген. Осылайша, акция басталғаннан бері 148 бала мектепке қажетті заттарға қол жеткізді. Бұдан бөлек, 34 балаға киім-кешек түрінде және ақшалай көмек берілді. Ал «Қарекет» қорының демеушілігімен №57 орта мектебінің тұрмыс жағдайы төмен жалғыз басты әке Ділдабектің отбасына үй беріліп, мектеп жасындағы 3 перзенті қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, аталған акция оқу жылы қарсаңында тек екі ай ғана емес, жыл бойы іске асады. Жамбылдық жомарт һәм мәрт кәсіпкерлер осынау игі істен қалыс қалмайды деп сенеміз.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support