- Advertisement -

Ел аузында – аяқдопшы Абылайхан

67

- Advertisement -

«Тараз» футбол клубының ойыны биыл әжептәуір түзелді. Олар ҚР кубогы жолындағы ойындарын да өте сәтті өткізуде. Естеріңізде болса, Қостанайдың «Тобылын» өз алаңында 6:0 есебімен ұтқаны есімізде. Сонда кейбіреулер: «Тобыл» еуролигада ойнап жүр, екінші құрамасын жіберді» деп, жерлестеріміздің шеберлігіне сенімсіздік те танытып еді.

Жуырда жерлестеріміз сырт алаңда «Тобылмен» қарымта ойын өткізіп, тағы да мықтылықтарын дәлелдеді. Алғашқы 20 минуттың ішінде «Тобыл» үздік ойын өрнегін көрсетіп, екі гол салып, алға шықты. Бірақ тараздықтар да мінез танытты. Бірінші тайм соңына дейін Абылайхан Жұмабек пен Марат Шаяхметов бір-бір голдан соғып, есепті теңестіріп тастады. Үзілістен соң, «Тараздың» ойыны түрленіп сала берді. Абылайхан Жұмабек тағы үш гол соғып, покер жасады. Осылайша, «Тараз» «Тобылды» 5:3 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support