- Advertisement -

Біздің Бибісара көш басында

31

- Advertisement -

Үндістанның Ченнай қаласында шахматтан Бүкіләлемдік Олимпиада жалғасып жатыр. Әзірге қазақстандық шахматшы қыздар шашасына шаң жұқтырмай келеді.

Атап айтқанда, Болгария құрамасымен бақ сынаған отандастарымыздың сапынан Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтса, Бибісара Асаубаева және Ксения Балабаеваның кездесулері тең аяқталды. Бұл – отандастарымыздың осы жарыстағы жетінші жеңісі. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға көтерілді. Бір айта кетерлігі, жерлесіміз, Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азиядағы үздік шахматшы атанған болатын. 18 жасар Бибісараның әлі талай жоғары шыңдарды бағындыратынына сеніміміз мол.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support