- Advertisement -

Індетпен күрес жалғасуда

36

- Advertisement -

Маусым айынан бастап бірқатар мемлекетте коронавирус індетіне байланысты қайта дүрбелең туды. Өзге мемлекеттермен қатар, елімізде де коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы соңғы уақытта біршама өскені байқалады.

Тіпті, соңғы уақытта індеттің белсенді таралу қарқыны барлық өңірде байқалып отыр. Тәулігіне коронавирус инфекциясының оң нәтижесімен мыңдаған жағдай тіркеліп, індетке шалдыққандардың қатары көбеюде. Яғни көпшілік орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырудың қаупі жоғары.

Бүгінгі таңда тұрғындардан анықталып жатқан КВИ-мен сырқаттанудың қазіргі сипаты – науқастарда ауру жеңіл түрде өтуінде. Алайда дер кезінде емделмесе, ауру асқынып, өлім жағдайын әкелуі мүмкін. Бұл науқастардың 94 пайыздан астамы амбулаториялық жағдайда ем алуына болатындығында.

Қазір вирустың бұл түрі жеңіл өтіп жатқанымен, бірнеше санаттағы адам үшін әлі де қауіпті:

– жүкті әйелдер,

– 60 жастан асқан адамдар,

– созылмалы, қосалқы аурулары бар науқастар,

– КВИ-ға қарсы вакцина алмағандар жатады.

Індеттің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина салдыру екендігін медицина мамандары ескертіп келеді. Дегенмен кейбір азаматтар әлі күнге дейін жалған ақпараттардың жетегінде кетіп, вакцина салдыруға қарсылықтарын білдіруде.

Ең бірінші кезекте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруды және ревакцинациялау жұмысын қолға алу қажет.

Қазір Қазақстанда вакцинаның үш түрі – QazVac, Sinofarm және Pfizer қолжетімді. Вакцина қоры барлық аудандарда жеткілікті.

Екпе салу кабинетінде мейірбике әр адамды тіркеп, қан қысымын өлшеп, жалпы жағдайын тексереді. Екпеден соң жарты сағат дәрігердің қадағалауында болады. Арнайы температуралық режимде тоңазытқышта сақталады. Сондай-ақ көшпелі бригадалар жұмыс істейді.

 

Нұрсұлу САПАРБАЕВА,

Жамбыл облыстық көпбейінді

ауруханасының эпидемиолог дәрігері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support