Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Aulieata-Media» ЖШС ұйымдастыруыменҚазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Тараз қаласында«Ақиқаттың ақ туы» атты республикалық қаламгерлер байқауы өткізіледі.
Байқаудың талап-шарттары:
– Байқауға еліміздің барлық өңірінен қаламгерлер қатыса алады.
– Әрбір үміткер байқауға бір шығарма ұсынуы тиіс. Әрбір шығарма Шерхан Мұртазаның тұлғалық келбетіне қатысы болуы керек. (Шерхан Мұртаза туралы әдеби мақалалар, естеліктер, эсселер мен зерттеу материалдары да қабылданады).
– Байқауға тақырыпқа сай, бұрын еш жерде жарияланбаған және түрлі байқаулардан жүлде алмаған шығармалар ғана қабылданады;
– Ұсынылған шығармалардың көркемдік қуатына, тіл тазалығына, автордың ойлау жүйесі мен ой айту мәдениетіне баса назар аударылады;
– Авторлардың жолдаған шығармалары кері қайтарылмайды және рецензияланбайды;
– Байқауға жолданған шығармалар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервал аралығында компьютерде терілуі тиіс. Әрбір шығарманың көлемі 15 беттен аспауы керек.
– Шығармалар қолжазба күйінде қабылданбайды.
– Жүлде алған шығармалар ұжымдық жинақ болып басылып шығады.
– Байқауға әдебиет саласында танымал қаламгерлер қазылық жасайды. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және қайта қарауға жатпайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйлықтар тағайындалады.
Жол шығыны – байқауға қатысушы тараптан болады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2022 жылы 28 қыркүйек күні Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай Тараз қаласында өтетін салтанатты жиын кезінде марапатталады.
Қатысу үшін өтінім беру тәртібі:
Мүшәйраға қатысушылар 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін шығармаларын талапқа сай akjolgazet@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек.
Бас жүлде – біреу – 1 миллион.
Бірінші орын – біреу – 750 мың теңге.
Екінші орын – екеу – 500 мың теңгеден.
Үшінші орын – екеу – 300 мың теңгеден.
Ынталандыру сыйлықтары – төртеу – 150 мың теңгеден.
Comments are closed.