Жамбылдық шаруалар пияздың әр гектарынан 70 тоннадан өнім алуда
Жамбылдық шаруалар пияздың әр гектарынан 70 тоннадан өнім алуда
«Пияз ылғалды қажет ететін дақыл. Сондықтан оны ерте көктемде егеді. Қарапайым сұрып 120 күннен кейін өнім беріп жатса, біз «Спэниш медальон», «Универса», «Манас», «Месс», «Қаратал», «Берекет» сынды тұқымдарын егіп көрдік. Өнімділігіне сөз жоқ. Қазір гектарына 70 тоннадан өнім алудамыз. Тағы бір таңдай қағатыны, аталған тұқым 90 күнде пісіп жетіледі. Оған қоса суды да көп қажет етпеді», – дейді шаруа. Негізі Жамбылда ағын су мәселесі байырғдан өзекті екені белгілі. Осыған орай судың техникалық шығынын азайту мақсатында каналдарды бетондау, апатты жағдайдағы су қоймаларын жаңғырту жұмыстары жыл санап қарқын алған. Одан бөлек, жамбылдықтар жерасты суын тиімді пайдалануға да ерекше көңіл бөледі. Осылайша, жамбылдықтар ауқымды шаруаны қолға алып, көпке үлгі көрсетіп жатыр. Пияздың тың сұрпын егіп, елден ерте өнім алып ғана қоймай, қожалықтарға ауадай қажетті ағын су мәселесі шешілген. Шаруаларға деген мұндай қолдау қамбаны астықпен қампайтып ғана қоймай, өлке экономикасын өрістететіні даусыз.