- Advertisement -

«Иттерді қорғағыңыз келе ме? Оларды үйде ұстаңыз!»

134

- Advertisement -

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңын талқылау аясындағы кездесулер өз жалғасын табуда. Осы іс-шара шеңберінде кешегі аптада өткен жиналыс пен брифингтен кейін көп ұзамай бұл аптада дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Сонымен, бүгін Тараз қаласындағы «Студенттер үйі» ғимаратының конференц-залында облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Құрмантаев Нұржас Нұржанұлының төралығымен Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңынан туындайтын мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Ауқымды жиынға Қазақстан Республикасы Экология, геология және тибиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Ердешов Талғат Ошантайұлы, облыс әкімінің кеңесшісі Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы Ниязбеков, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қалдыбаев Нұрбол Бекежанұлы және Жамбыл облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері, Тараз қаласы әкімінің бас инпекторлары, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ облыстық БАҚ, қоғам белсенділері, жануарларды қорғаушылар мен қала тұрғындары қатысты. Барлығы – 58 адам.

Дөңгелек үстел жұмысын ашқан модератор Н.Құрмантаев қоғамда қаңғыбас итпен байланысты даулар әрқашан маңызды, өзекті және күрделі болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел спикері Қанатбек Қартабаевта осы тақырыптың маңыздылығына тоқталып, бүгінгі күні жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңын зерделеуді ұсынды. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі көбінесе иелерінің жауапсыздығынан орын алуда. «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында жануарлар иелерінің міндеттері белгіленген. Тұрғындардың басым көпшілігі сол міндеттерін тиісінше орындамайды.

Ветеринария саласының негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сол себептенде осы қаңғыбас ит дауларын реттеу мүмкіндігі әлі де өзекті болып табылады.

Сонымен қатар, жиналыс барысында қараусыз қалған қаңғыбас иттерді аулау, күтіп ұстау, стерилизация мен кастрация жасау жұмыстары, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлері және жұқпалы аурулардың тасымалдануынын алдын алу сияқты өзекті проблемалар көтерілді.

Барлық шақырылған қонақтар күнделікті қоғамда кездесетін проблемалық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Өзекті және проблемалық мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдірді, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау үшін бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында өз ұсыныстарымен бөлісті.

— Бізде қаңғыбас иттерді аулау мәселесі өте өзекті, — деп облыс әкімінің көмекшісі Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы Ниязбеков пікірталасқа қосылды, қаңғыбас жануарларды қатыгездіктен қорғайтын заңда оларды өлтіруге тыйым салынғанын еске салды. Сонымен бірге, гуманизмнің жағымсыз жағы-қаңғыбас иттердің саны артып, қазір ит үйірлері қауіпті бола бастағанын атап өтті.

— Заңнама жануарларды аулауды және стерилизациядан кейін бұрынғы орындарына қайтаруды қарастыратындықтан, жағдай күрделене түсетін болады. Мәселе өте мұқият және маңызды, сіз көшеде қаңғыбас иттер неге көп деген сұраққа емес, адамдар неге иттерді қараусыз көшеге шығарады деген сұраққа жауап бере отырып, оны шешуге кірісе аласыз! Біз өзімізден бастамайынша бұл дау ешқашан тоқтамайды-деді Нұржас Құрмантаев!

Сонымен қатар, жиын соңында БАҚ өкілдері облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Нұржанұлы Құрмантаевтан дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сұқбат алды.

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Сіздерден үй жануарларын талаптарға сай күтіп-ұстауды сұраймыз.

 

Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасы

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support