- Advertisement -

Сотталғандардың да денсаулығы басты назарда

59

- Advertisement -

Абақтының арғы жағында жазасын өтеп жатқан жандардың денсаулығын сақтауда аса маңызды. Бұл бағытта ҚАЖ мекемелеріндегі медициналық-санитарлық бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары жетерлік. Тәжірибелі медицина мамандары сот үкімімен жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ бұйрығын бұлжытпай орындауға тырысады.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесі медициналық-санитарлық бөлімінің фельдшері әділет кіші лейтенанты Тұрсын Рысмаханов пен медбике Мадина Сухамбердиева коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында сотталған азаматтарды тексеруден өткізді. Шара барысында білікті мамандар жазасын өтеушілерге тиісті кеңестерін беріп, олардың денсаулығын жақсартуда қолдан келер көмекті аямайтындықтарын жеткізді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support