- Advertisement -

Жамбылда «Мектепке жол» акциясы биыл да жалғасады

80

- Advertisement -

Биыл Жамбыл облысындағы жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен ақшалай қамтамасыз етуге жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Киім-кешекке бөлінген қаржы 2022 жылғы 11 тамыздан бастап ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің жеке шоттарына аударылуда.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы Білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов айтты. Ол, сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында киім-кешекпен қамтуға демеушілерді кеңінен тарту жұмыстары жалғасатынын айтты. Яғни, 1-30 тамыз аралығында «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.

«Облыс бойынша жекелеген санаттағы отбасынан шыққан балалардың саны — 47598. Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында жергілікті бюджет есебінен 43654 балаға (әр балаға 32500 теңгеден) 1 млрд 418 млн теңгеге киім-кешекке ақшалай, демеушілер есебінен 1518 балаға 28 млн 710мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Ал биыл акция аясында жергілікті бюджет есебінен 6496 балаға 211 млн 120 мың теңге ата-аналардың жеке шоттарына аударылса, демеушілер есебінен 389 балаға 9 млн 498 мың теңгеге көмек көрсетілді», — деді спикер.

Бейқұт Тілебалдыұлы акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алатынын да мәлімдеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support