Жаңалықтар

Елордада аз қамтылған отбасылардың балаларына қандай көмек беріледі?

Елордада аз қамтылған отбасылардың балаларына қандай көмек беріледі?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 16 700-ден астам балаға материалдық көмек берілетінін мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді.

Материалдық көмек алу үшін балаңыз оқитын мектепке жүгінуіңіз керек. Қазіргі уақытта оқу орындарының әкімшілігі тізім жасап жатыр. Материалдық көмек мына санаттағы оқушыларға көрсетіледі: – АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар; – АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасылардан шыққан балалар (37 389); – отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; – ТЖ салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар; – басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).