- Advertisement -

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтерді

275

- Advertisement -

Бүгін Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт салтанатты түрде ашылды.

Жаңа мешіт Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 3 жылда салынды.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігімді тоқтатудан бір күн бұрын, 2019 жылғы наурызда осы мешіттің алғашқы кірпішін қалаған едім. Сол сәтте менің қасымда қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Аллаға жүгініп, ризашылығымызды білдіріп, болашақта халқымыздың тәуелсіздігі мен еліміздің еркіндігі ұзағынан болсын деп тіледік. Асыл дінімізге осынша қолдау көрсетуді әу бастан мұсылмандық міндетім, халқымның алдындағы перзенттік парызым деп білдім», — деді ол.

Мешітке жалпы 235 мың адам сияды, яғни бір мезетте осынша адам сапта тұрып намаз оқуға мүміндігі бар. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам, ал мешіт ішінде 35 мың адам құлшылық ете алады.

Мешіттің кіреберіс есігі де әлемдегі ең биік ағаш есіктердің бірі саналады. Ол тропик Африкада өсетін ироко атты қатты ағаштан қолмен жасалған. Оның биікті 12,40 метр, салмағы 1,5 тонна. Сондай-ақ есіктер қазақша өрнектермен безендірілген.

Мешіттің төрт биік мұнарасы бар. Оның биіктігі — 130 метр. Сол қанатындағы мұнара «Туристік мұнара» деп аталады. Оған келген қонақтар лифт арқылы немесе жаяу көтеріліп, елорданы биіктен тамашалай алады.

Мешіттің үлкен залына ілінген ортадағы әлемдегі ең үлкен таза шыны (хрусталь) аспашам. Оның диаметрі — 27 метр, салмағы 20 тонна. Ол да түрлі көлемдегі хрусталь панельдерден құралған. Барлық хрусталь жеті түстегі 3 614 833 бөлшектен тұрады, әрқайсысы қолмен жиналған.

Мешіттің жалпы алаңы — 68 062 шаршы метр. Оның үлкен залы мен әйелдер намаз оқитын орынға толық кілем төселген. Бұл — әлемдегі қолмен тоқылған ең үлкен кілем. Оның жалпы ауданы — 15 525 шаршы метр. Салмағы — 4 700 гр/м2. Қалыңдығы — 15 мм. Кілем Жаңа Зеландияда 100 пайыз жүннен тоқылған. Кілемнің ортасындағы медальонының диаметрі — 70 метр. Ол да әлемдегі ең үлкен кілем медальоны болып саналады. Кілемнің оюлары қазақша нақышпен безендірілген.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support