Жаңалықтар

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтерді

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтерді

Бүгін Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт салтанатты түрде ашылды.

Мешітке жалпы 235 мың адам сияды, яғни бір мезетте осынша адам сапта тұрып намаз оқуға мүміндігі бар. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам, ал мешіт ішінде 35 мың адам құлшылық ете алады. Мешіттің кіреберіс есігі де әлемдегі ең биік ағаш есіктердің бірі саналады. Ол тропик Африкада өсетін ироко атты қатты ағаштан қолмен жасалған. Оның биікті 12,40 метр, салмағы 1,5 тонна. Сондай-ақ есіктер қазақша өрнектермен безендірілген.