Сотталған азамат бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
Сотталған азамат бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі және 190 баптың 2 бөлігімен кінәлі деп танылған азамат сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Ойланбай от басқан азаматтың алдағы уақытта отбасын асырауға мүмкіншілігі бар. Себебі, мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының ұйытқы болуымен ол мұнда «екі қолға бір күрек» таба алды. Ал сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің ықпалымен мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді атсалысады. ҚАЖ қызметкерлерінің қоғамға бейімдеу жолындағы қажырлы еңбегін бағалаған туыстары өз алғыстарын жеткізді.
Әлихан Қали ЖД-158/5 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы