- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

39

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін  
D-O-3 А блок 305232 350615
D-О-4 А блок 263131 302255

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630 (жұмыс уақытында), e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әлеуметтік саланы және ауылдық елді мекендерді стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы уақытына 21.07.2023 ж. дейін), D-О-3 санаты, №06, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Бөлім жұмысын ұйымдастырып және басшылық ету. Жылсайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Жамбыл облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеуді үйлестіру (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өңірдің стратегиялық құжаттарын, аумақты дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша).Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, стратегиялық құжаттарды, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған басқа да іс-шаралар жоспарларын іске асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттарын дайындау (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Тұрғындар саны, көші-қон, еңбек ресурсы, жұмыспен қамту және жалақы, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және спорттың әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштеріне ай сайынғы жедел мониторинг жүргізу. Тоқсан қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама, кестелер, слайдтар әзірлеу (бөлімге қатысты тармақтар бойынша). Ауылдық елді мекендердің өсу деңгейін мониторингілеу және бағалау. Тіректі ауылдық елді мекендердің, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа, төмен ауылдық елдімекендердің тізбесін анықтау, сондай-ақ тіректі ауылдық елді мекендерді, аудан орталықтарын дамытудың кешенді жоспарын және ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің орталықтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру және олардың жүзеге асырылуы бойынша есебін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе статистика немесе әлемдік экономика.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысын, сонымен қатар мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек көші-қоны бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (№06-2-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блок. Шетел жұмыс күшін Қазақстан Республикасына тарту бойынша есептерді, шетел жұмыс күшін тартатын заңды тұлғаларға қатысты, жұмыс істейтін шетел мамандары мен жұмысшыларына берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді уақтылы жасау. Басқармадағы шетел жұмыс күшін тартуға қатысты құжаттардың дұрыстығын, тиісті ереже талаптарына сәйкестігін қарау және рұқсат беру бойынша комиссияның қарауына құжаттар дайындау. Өз өкілеттегі шегінде мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас жасау. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жүргізу. Шетел жұмыс күшін тартуға қатысты ақпараттық бағдарламаға тиісті мәліметтердің уақтылы енгізілуін және бағдарламаның үздіксіз жұмысын жүргізу. Өзі бағыттайтын мәселелер бойынша жұмыспен қамту органдарының және шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілердің есеп беруінің уақтылы және дәйекті болуын бақылауды ұйымдастыру. Шетел жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша кәсіпорындардың қызметін басқа органдармен бірлесіп тексеруге қатысу. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және рұқсат мерзімін ұзарту бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлық ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру. Шетел жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру; ішкі еңбек нарығын қорғау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Шағын несие мен қайтарымсыз гранттар беру жұмыстарын үйлестіру, бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімді пайдаланылуын талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе информатика.

«Қазақстан–2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарды, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау бағдарламаларын және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сарапатама бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №4-3.

Функционалдық міндеттері: А блок. II, III, IV санаттағы нысандар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді және экологиялық сараптама қорытындысын береді, жобалардың экологиялық сараптама нәтижесін қорытындылап, талдау жасап және сараптама әзірлеушілер атына тиісті ұсыныс және талап қояды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың Сараптама кеңесі отырысына материал дайындайды, шаруашылық және де басқа қызметтердің қоғамдық пікірді білу үшін өткізілетін қоғамдық тыңдауларға қатысады, көзделген шаруашылықтар мен басқа да қызметтер бойынша шешім қабылдау процесінде және қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға қатысты жағдайларда жұртшылыққа экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді, жоба дайындайтын мекемелермен және табиғат пайдаланушылармен әдістемелік-кеңес жұмысын жүргізуге қатысады. Мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру саласында жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және қоғамдық бірлестіктердің хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Топырақтың, атмосфералық ауаның және су ресурстарының экологиялық жай-күйінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық актілер және әдістемелік-нормативтік жобаларды дайындауға қатысады. Арнайы орындарға шығып, шаруашылық және де басқа қызметтердің қоғамдық пікірді білу үшін өткізілетін қоғамдық тыңдауларға қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, қызмет көрсету саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: экология немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Экологиялық, Су кодекстерін, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған Б корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262-43-36-30, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет»порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені _________________________________________________ ________________________________________________________ ________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________ ________________________________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________

______________________________________________________

_______________________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________

e-maіl: _________________________________________________

ЖСН: __________________________________________________

_______________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

 

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО

(түрлі түсті/

цветное,

3х4)

_________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

_____________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

 

 ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /

Дата и место рождения

2. Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность*, место работы, местонахождение организации
қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support